Дүйсенбі, 24 ақпан, 00:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Күйеуінен зәбір көріп ажырасқандарға үй беріледі

23.02.2025

102 0

Фото: Н. Нұржаубай

Өзбекстан Парламентінің жоғарғы палатасы – Олий Мажлис Сенаты әйелдер құқығын қорғау және отбасы институтын нығайтуға бағытталған заңды мақұлдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа заң некені бұзу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты тұрғын үй дауларын қарау тәртібіне өзгерістер енгізеді. Құжатқа сәйкес, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам тиісті талап қойған жағдайда, сот тараптардың татуласуы үшін заңда белгіленген мерзімді алып тастай алады. Бұл өзгеріс жәбірленушілердің құқықтарын қорғау процесін жеделдетуге бағытталған.

Сондай-ақ тұрғын үй дауларын шешу кезінде сот мүліктің меншік иесін жәбірленушіге тұратын баспана ұсынуға міндеттей алады. Меншік иесі жәбірленушіні басқа баспанаға көшіруі немесе тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуі мүмкін.

Заң шығарушылардың айтуынша, бұл қадам тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіруге арналған. Сенаттың хабарламасында құжаттың жәбірленушілердің мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздерін нығайтып, әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді. Заң халықтың осал топтары үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында әзірленген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: