Жұма, 20 маусым, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Күлкі денсаулыққа оң әсер етеді

20.06.2025

57 0

Фото: pexels. com

Күлкі адам ағзасына оң әсер етеді: иммундық жүйені нығайтып, психикалық саулықты жақсартады және ауырсынуды жеңілдетеді. Бұл туралы америкалық Mayo Clinic клиникасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды El.k интернет порталы.

Мамандардың айтуынша, күлкі кезінде жүйке ұштары мен бұлшықеттердегі электрлік белсенділік артып, миға жеткенде эндорфин бөлінеді. Эндорфин – табиғи жолмен ауырсынуды бәсеңдететін нейропептид. Ол ағзада жайлылық пен қанағат сезімін қалыптастырып, жалпы жағдайды жақсартады.

Күлкі өкпеге оттегінің көптеп түсуіне ықпал етеді, жүрек пен бұлшықет қызметін жандандырады. Сонымен қатар, қан айналымын жақсартып, бұлшықеттерді босаңсытады. Стресті азайтып, көңіл-күйді көтереді, жүрек соғысы мен қан қысымын тұрақтандырады.

Дәрігерлердің мәліметінше, тұрақты түрде күлу иммундық жүйені күшейтеді. Теріс эмоциялар ағзаның қорғаныс механизмдерін әлсірететін химиялық реакцияларды тудырады. Ал позитивті көңіл-күй, керісінше, стреске қарсы тұратын және аурулар қаупін төмендететін қосылыстардың бөлінуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ, күлкі табиғи анальгетик ретінде ауырсынуды азайтады және психикалық саулыққа оң әсер етеді. Зерттеулерге сүйенсек, ашық-жарқын адамдар өзін сенімді ұстайды, әлеуметтік ортада тез байланыс орнатады және кәсіби ортаға жеңіл бейімделеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: