Дүйсенбі, 27 қазан, 15:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Күндізгі уақытта аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқан

27.10.2025

69 0

Фото: Желі кадрларынан скрин

Желіде Таразда күндіз аялдамада тұрған қызды көлікке күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен видео тарады. Өзге адамдар қызды көліктен түсіруге көмектескенімен шамалары жетпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі адамдардың көз алдында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болған, бірақ сәтсіз аяқталған.

Бұл жағдай бірнеше күн бұрын болған. Осы уақыт бойы жұрт қыздың қайда екенін және жағдайының қалай екенін білуге тырысқан.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты былай деп жауап берді:

«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Тараз қаласындағы аялдамалардың бірінде қыздың ұрланғаны туралы ақпарат анықталды. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адамдар табылды. Белгілі болғандай, олар бұрыннан таныс болған және бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Бейресми деректерге сүйенсек, қызды үйлену мақсатында алып кеткен болуы мүмкін. Алайда қыздың неке қиюға келісім берген-бермегені белгісіз.

Полиция қазіргі уақытта бұл жағдайға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: