Сәрсенбі, 03 шiлде, 16:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

«Күнге күйіп, сосын бізге жетеді екен ғой»: Желіде күнде тұрған танымал сусындардың видеосы тарады

29.07.2023

577 0

Әлеуметтік желіде аптапта күнің астында тұрған танымал сусындар партиясы түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеоны Instagram-дағы krisp.tdk-парақшасы жариялады. Онда автор көлікте келе жатып далада күннің астында тұрған сусындарды түсіріп алғаны көрінеді.

«Мына жақта, масқара болып жатыр ғой. Күнге күйіп-күйіп, сосын бізге жетеді екен ғой», – дейді видео авторы кадырдың сыртында.

Видеодан бірнеше танымал брендті байқауға болады. Ол бөтелке сыртындағы қаптамадан көрінеді. Бірақ желі қолданушыларының көбісі кадрлардан Coca-Cola сусындарын байқаған.

Видеоға қатысты пікір білдірушілер ойы екіге бөлінген. Кейбірі күнің астында тұрған өнім бұзылатынын ойлап, ішпеуге кеңес беріп жатыр, ал кейібірі оны ішуге ешкім мәжбүрлемейтінін айтқан.

«Сұмдық, күнде тұрған пластик зиян», «Күнде тұрған пластиктің өзі қорқынышты, коланы айтпағанда», «Далаға дайындап қойған ғой. Қазақстанның түкпір-түкпіріне пойызбен жібереді. Тиеуге қойған ғой», «Тек кола емес, сүт те солай тұрады екен», «Ішпеңіз онда, кім мәжбүрлеп жатыр, адамдар біртүрлі болғаны сонша, барлық көргенін бірден Инстаграм, Тик-Ток-қа түсіреді», «Бұрын Инстагарм, Тик-Ток жоқта жақсы болатын», – дейді Желі қолданушылары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: