Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күтпеген дауыл, қираған шатыр

24.05.2022

1343 0

Сыр өңірінде өткен сенбі-жексенбі күн­дері күтпеген дауыл тұрды. Қатты желдің салдарынан Жаңақорған, Шиелі аудандарында мемлекеттік нысандардың шатырлары ұшты.

– Ауа райының қолайсыздығынан Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті. Атап айтқанда, Шиелідегі 5 мектеп пен 1 колледж, халыққа қызмет көрсету орталығы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы әкімдік, Жаманбай ауылдық округі, Бесарық ауылы клубы ғимараттарының шатыры қирады. Сонымен қатар сол аудандарда электр желісі үзіліп, бірнеше елді мекен жарықтан ажыраған. Бүгінде электр желісін қалпына келтіру толық аяқталды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен техникалар шұғыл түрде жұмылдырылды. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Қазіргі кезде ЖАО комиссия жұмыс істеуде, – деді облыс әкімінің баспасөз орталығында өткен брифинг бары­сында облыстық ТЖД бастығының орын­басары Саид Молдақараев.

Апат айтып келмейді. Құбылмалы ауа-райына да сенім жоқ. «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметінше, аймақта 21 мамыр күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жария­ланды. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл соқты. Тіпті желдің екпіні 23-28 метр  секунд шамасында болды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: