Бейсенбі, 11 қыркүйек, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Күз мезгілінде Қызылорда өңірінде ауа райы тұрақты

11.09.2025

61 0

Күз басталғалы Қызылорда облысында ауа райы тұрақты болып тұр. Қыркүйекте орташа температура +18…+20°С аралығында. Жауын-шашын өте аз – бар болғаны 2-4 мм ғана. Ай бойы шаңды дауыл жиі соғып, жел кей күндері 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Метеоболжау бөлімінің басшысы Айгерім Жөкелова мәлімдеді.

– 12 қыркүйекте Қызылорда қаласында күн ашық-бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С шамасында болады.Күздің алдағы айларында да ауа райы қатты өзгермейді. Қазанда облыстың батысында ауа райы қалыпты болса, шығыс бөлігінде сәл жылырақ болады деп күтіледі. Орташа температура +9…+11°С, жауын-шашын шамамен қалыпты мөлшерде түседі. Қараша айында күн салқындайды, дегенмен ауа райы әдеттегіден сәл жылы болады. Бұл кезде жауын-шашын азаяды, тек Арал маңында ғана қалыпты деңгейде сақталуы мүмкін», – деді Айгерім Болатбекқызы.

Жалпы, күз мезгілінде Қызылорда өңірінде жауын-шашын көп болмайды, бірақ шаңды дауылдар мен қатты желдер жиі қайталанып тұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: