Қала әкімдігінің мәжіліс залында күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары мен көрсеткіштер барысы талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов төрағалық етіп, күн тәртібінде әскерге шақыру науқанының нәтижелері және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Ерлан Манапов хабарлама жасап, күзгі шақыру науқанының көрсеткіштері мен кездесіп отырған проблемаларды баяндады.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бойынша әскер қатарына жөнелтілу көрсеткіші жоспарлы орындалып отыр. Дегенмен, әскерге шақыру қағазын алып, шақыру пунктіне келмей және әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарға қатысты заң шеңберінде қатаң шаралар қабылдау тапсырылды.Сонымен қатар, Полиция басқармасына әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру жұмыстарын күшейтіп, учаскелік полиция инспекторларын жұмылдыру міндеттелді. Ал, қалалық медициналық комиссияға әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету жүктелді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!