Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында өткен шара қала тұрғындары мен жастарға ерекше атмосфера сыйлады.



Көрмеде қатысушылар шаһарымыздың көркем келбетін, күзгі сұлулығын және шығармашылық көзқарасын ұсынды.

Шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов қатысып, фотошеберлердің еңбектерін тамашалады. Көрмеге барлығы 15 фотошебер қатысып, өз туындыларын көрермен назарына ұсынды.

Нәтижесінде:
1 орын – Әбутәліп Берікбол
2 орын – Голованова Наталья
3 орын – Али Рустем
Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Берікбол Әбутәліп пен Нұрайым Қабден марапатталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы марапаттар мен демеушілер есебінен қаржылай сыйлықтар табысталды.




Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!