Жұма, 26 желтоқсан, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Kundelik жүйесіндегі балалардың деректерінің тарап кетуі: Компанияға айыппұл салынды

26.12.2025

63 0

Фото: portal.kundelik.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мектеп оқушыларының Kundelik жүйесіндегі деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, деректердің тарап кету жағдайы расымен болған, алайда бұл жағдай бұрын орын алған көрінеді. Министрлік өкілі мәліметтердің өте ескі (шамамен 2016–2020 жылдарға тиесілі) және компанияның қазіргі деректер базасына сәйкес келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар жүйеге кибершабуыл жасалмаған, компания қызметкерлерінің бірінің логині мен құпиясөзі ұрланған.

“Жоқ, логиндер мен құпиясөздер сақталмаған. Бұл – жүйеде балалардың деректерін тек қарау құқығы бар пайдаланушының логині мен құпиясөзі ұрланғанын білдіреді. Сол арқылы ақпараттар жүктелген. Оның өзінде барлық деректер толық жүктелмеген”, – деді вице министр. 

Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Kundelik компаниясына 750 АЕК (шамамен 2,9 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қазір тексеру жалғасып жатыр, тексерістің толық нәтижелері кейінірек жарияланады.

Досжан Мұсалиев министрлікте бұл деректердің интернетте сатылғаны туралы ақпарат жоқ екенін де атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: