Жұма, 29 қараша, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Квота көбейді, көшетіндер ше?

24.01.2023

510 0

Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндер үшін жыл сайын квота бөлініп, Үкімет тарапынан жағдай жасалып жүргені белгілі. Айта кетелік, солтүсттікке қоныс аударушыларға қолдау мен көмек бар. Тұрақты жұмыс, баспана, біржолғы төлем де беріледі. Мұндағы мақсат – қоныс аударушылардың аяққа тұрып кетуіне жағдай жасау. Биыл қоныс аударушыларға бөлінген квота саны көбейген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларға 2023 жылы 8 652 адамға өңірлік квота белгіленді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 566 адамға көп.

2023 жылғы квота келесідей үлестірілді:

Қандастар үшін:

• Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам.

• Қостанай облысы бойынша – 150.

• Абай облысы бойынша – 196.

• Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239.

• Ақмола облысы бойынша – 270.

• Павлодар облысы бойынша – 932 адам.

Қоныс аударушылар үшін:

• Қарағанды облысы бойынша – 33 адам.

• Ұлытау облысы бойынша – 120.

• Абай облысы бойынша – 238.

• Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305.

• Қостанай облысы бойынша – 530.

• Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660.

• Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау үшін қосымша субсидия түрінде көмек беріледі. Атап айтқанда, көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) көлемінде біржолғы төлем беріледі.

Бір отбасына 12 ай ішінде  тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) төленеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: