Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Лара Фабианның Астанадағы концертіне билет алған қазақстандықтар 5 миллион теңгеге алданып қалған

11.07.2023

456 0

Қазақстандықтар Лара Фабианның Астанадағы концертіне билет аламыз деп алданып қалды. Әлемдік жұлдыздың өнерін тамашалаймыз деген бірнеше адам соңында билетсіз қалған. Ал жұмсаған ақыларын сол бойы ала алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Концертке билет үшін қазақстандықтар 5 миллион теңгеден астам ақша төлеген. Олар әлем жұлдызының елордада өнер көрсететінін биылғы жылдың басында әлеуметтік желіден білген. Кейін көпшілік мұндай концертке баруды шешіп билет ала бастаған.

Ал наурыз айында олардың телефондарына концерттің болмайтыны туралы хабарламалар келе бастаған.

«Бізге алдымен концерттің қазан айына ауыстырылатыны туралы хат келді. Олар осы уақытқа дейін концертті күтуді немесе ақшаны қайтарып бере алатындарын айтты. Билеттер жарамды болатынын да жеткізді. Тіпті кепілдік хат жіберді. Осылайша1 маусымға дейін ақша толығымен қайтарылатынын айтты”,– деді қала тұрғыны Гаухар Исина.

Гаухардың сөзінше, Лара Фабианның ресми агентімен келісім-шарт жасалған. Шарт бойынша 2023 жылдың 25 ақпанында және билеттер 2023 жылдың қаңтар айының басынан сатыла бастаған. Ал концерт өтетін күні – 1 қазан деп белгіленген.

Алайда Астана мен Алматы қаласындағы қтетін уақыт пен ббилет сатылу уақытында сәйкессіздіктер анықталған.

Кейін осы мәліметтерді жинақтап алданғандар тәртіп сақшыларына жүгінген. 

«Біз алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін екенін айтып, Ішкі істер органдарына жүгіндік. Алайда полиция арызды қабылдамады”, – деді қала тұрғыны Атабек Умарбек.

Осыған орай полиция департаменті істің мән-жайын зерделеп, азаматтарға түсініктеме берілгенін хабарлады. 

“Олар азаматтық сотқа талап-арыз беру керек. Себебі тараптардың арасында азаматтық-құқықтық қатынастар туындады және бұл мәселе тек солай шешілуі тиіс”, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл концерт билетіне 20-дан астам қазақстандық 5 миллион теңгедей қаражат жұмсаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: