Сейсенбі, 18 қараша, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

ЛГБТ-ны жақтаушылар ақпараттық шабуылға көшті: қоғам белсендісі Парламентке үндеу жасады

18.11.2025

36 0

Фото: Ашық дереккөз

Елдегі ЛГБТ пропагандасын шектеу туралы петицияны ұйымдастырған белсенді Бағила Балтабаева әлеуметтік желіде Парламентке үндеу тастады. Оның сөзінше, ЛГБТ-ны жақтаушылар ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етіп жатыр. Ол Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдаған хатында ЛГБТ қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз бүгін түрлі ЛГБТ-активистердің мемлекеттік институттарға ықпал етуге және қоғамға өздерінің теріс идеологиясын таңуға бағытталған ақпараттық шабуыл жүргізіп отырғанын көріп отырмыз. Балаларды қорғауға арналған орынды шектеулерді олар әдейі «қудалау» немесе «құқық бұзу» деп көрсетеді, өздерін «жәбірленуші» ретінде танытады. Бұл – жалған әрі арандату! Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу – олардың әрекетінің негізгі сипаты. Қандай ақпараттық шудың күші болмасын, сізді осы манипуляцияларға берілмеуге шақырамыз», дейді ол.

Бағила Балтабаеваның сөзінше, «бостандық» ұранымен балалардың санасына ықпал етуге жол ашу – бұл диалог емес, ұлттық құндылықтар жүйесіне көрсетілген қысым.

«Бүгін біз отбасы тұрақтылығы мен қоғамның тұтастығын, ұрпақтар сабақтастығын сақтап қалу сияқты маңызды міндетке тап болып отырмыз. Сондықтан ұсынылып отырған түзетулерді «құқықтарды шектеу» деп көрсету – мәселені әдейі бұрмалап, эмоциялық әсер беруге бағытталған тәсіл. Тағы да атап өткіміз келеді: бұл түзетулер ешбір азаматтың құқығын шектеуге арналмаған. Қазақстан – әр адам жеке өміріне, қадір-қасиетіне және қауіпсіздігіне құқылы мемлекет. Алайда мемлекет балаларды қорғауға міндетті», дейді.

Осыған байланысты қоғам белсендісі:

  • ЛГБТ-пропаганданы шектеуге бағытталған түзетулерді қолдауды;
  • Манипуляциялық ақпараттық қысымға бой алдырмауды;
  • Қандай жағдай болса да, табанды және тұрақты ұстаным сақтауды сұрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: