Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасына қарасты Жедел әрекет ету орталығы мен «ROBOTECH» ЖШС арасында Қызылорда қаласы аумағындағы лифт шаруашылығына қатысты мәселелерді жедел әрі тиімді шешу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, ақауларды жедел анықтау және жою, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ лифт шаруашылығын цифрлық бақылау және мониторинг жүйелері арқылы жетілдіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге келісті.
Аталған бастама лифттердің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ендігі кезекте көпқабатты тұрғын үйлердегі лифт жұмысына қатысты ақаулар, істен шығу, қауіпсіздікке байланысты күмәнді жағдайлар немесе қызмет көрсету сапасы жөніндегі мәселелер туындаған жағдайда қала тұрғындары 109 – Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
