Сенбі, 23 қараша, 22:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

LRT құрылысы қайта жанданды

18.07.2023

485 0

ЛРТ құрылысы араға уақыт салып қайта жанданды. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр.Оған бюджеттен 52,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы 24.kz арнасы  хабарлайды.

Елордадағы ЛРТ құрылысы 2025 жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Жеңіл рельсті транспорт жүйесі іске қосылса, шаһардағы кептеліс мәселесі шешіледі», – дейді мамандар. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте шаһар басшысына бірқатар тапсырма жүктеді. Олардың бірі әрі негізгісі – жыр болған жеңіл рельсті транспорт жобасын жүзеге асыру. Президент тұрғындарға берілген уәдені орындау керектігін айтты. 

«Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылысты жандандыру мақсатында, өткен жылы Үкімет қаржының алғашқы бөлігін бөлді. Бүгінгі таңда бірінші кезеңді аяқтауға күш салынып отыр. Жобаны толыққанды бітіру үшін 2 жыл уақыт қажет», – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Жобаға бюджеттен 52,4 миллиард теңге бөлінді. Бірақ істі аяғына дейін жеткізу үшін, бұл сома аздық етеді, дейді мамандар.

 «Жұмысты жоспарлағанымыз бойынша эстакада бөлігіне жүргіземіз. Іргетастарының бәрін, бұрғылау жұмыстары бар, солардың бәрін бітіреміз. 80 пайыз тірек бөлігі дейді, яғни бағаналарды қоямыз. Енді өзінің жоспары, межесі бар, бәрі келісілген. Бірақ оның бәрі қаржыға байланысты. Қаржы қалай бөлінеді, біз солай межені орындаймыз», – деп мәлімдеді «City Transportation Systems» компаниясының басқарушы директоры Бақыт Қарсақбаев.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде 18 аялдаманың тек 8-і қолданысқа беріліп, 5 метрополитен пойызы сынақтан өтеді. Вагондарға жүк тиеліп, олардың жарамдылығы тексеріледі. Жалпы  LRT  ұзындығы 22 шақырым.  Құрылыс жұмысына тағы мыңнан астам адам тартылады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: