Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Мәдениет саласындағы мәйекті жұмыс

03.12.2025

38 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Биыл облыс мәдениетінде жемісті жетістіктер, толағай табыстар көп. Оған қолдау да жеткілікті. Бір жыл бедеріндегі аймақтың мәдениет саласында айтулы оқиғалар мен жаңалықтар көп болды. Жыл басында Шымкент қаласында өткен республикалық айтыста Бексұлтан Орынбасаров «Күміс домбыраны» иеленсе, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыста ІІІ дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов бас жүлдені, Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық айтыста ақын, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан бас жүлдені, Астанада өткен «Алтын домбыра – 2025» сөз бәйгесінде айтыскер ақын Бексұлтан Орынбасар І орын иегері атанды. Жалпы, 2025 жылдың 11 айында облыстық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 14 мыңға жуық мәдени шара өткізіліп, оған 1 млн-нан аса көрермен қамтылды. Алыс-жақын шетелдер мен еліміздің өзге өңірлерінде өткен халықаралық, республикалық конкурстарға аймағымыздан 500-ге жуық өнерпаз қатысып, 72 бас жүлдені, 140 жүлделі орындарға ие болды. Саладағы сан қилы жұмыстарды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте мәлімдеді.

– Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 2025 жылы 3 халықаралық, 1 республикалық фестивальге қатысып,3 бас жүлде мен І орынды иеленді. Сондай-ақ, облыстық филармониясында 217 мәдени іс-шара көрермен қауымға ұсынылды. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда Наурыз мерекесін кең көлемде атап өту тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің қолдауымен Сыр өнерпаздарының қатысуымен2025 жылдың наурыз айында Еуропаның Финляндия, Эстония, Испания елдерінің Хельсинки, Таллин, Мадрид қалаларында еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, Өнер күндері өткізілді. Қазанның 23-24 күндері Республика күніне және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-нің астанасы болғанына 100 жыл толуына орай, Швейцарияның Женева, Берн қалаларында Сыр өнерпаздарының концерті өтті. Осы жылдың 20-21 қыркүйек күндері Ұлы Абайдың 180 жылдығы мерейтойы құрметіне орай Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында Қызылорда облысының Өнер күндері өткізілді. Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің бай мәдениеті мен әдебиетінен, тарихы мен өнерінен ақпар беретін қайталанбас құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Мәдениет саласындағы маңызды жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек,- деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: