1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Бұл – олардың мәдениет пен өнер саласының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өнегелі өмір жолына деген шынайы алғыс пен ілтипаттың белгісі. Салада түрлі қызмет атқарған тәжірибелі мамандардың еңбегі – кейінгі ұрпаққа өнеге, өшпес мұра.
Шара барысында ардагерлерге мерекелік сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.
Қарттарымыздың парасаты мен өмірлік тәжірибесі – бүгінгі буынға бағыт-бағдар, ұлағатты үлгі. Оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!