Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет және өнер саласындағы оқытушылардың жалақысы көтеріледі

17.10.2022

735 0

Мәдениет және спорт министрлігі бірқатар жоғары оқу орнының педагогтері мен басқарушы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы үкімет қаулысына өзгеріс енгізді.Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Негізгі өзгеріске сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлері алатын айлық мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынады. Бұған дейін осы коэффицент 1,75 болған.Айта кетері, Қазақстанда мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олар: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: