Жұма, 27 желтоқсан, 03:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мәслихат депутаты ауыл ақсақалын атып өлтіремін деп қорқытқан

23.10.2024

589 0

Сурет:Alash.kz

Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов Ахметауыл ауылында егде жастағы тұрғынды алдымен атып өлтіремін деп, кейін пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қазан күні болған. Аудандық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізіп, алпыстағы адамды қорқытқан.

«21  қазан күні Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Ахметауылында белгісіз азамат, ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.  Анықталғандай, ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Редакция аудандық мәслихаттың депутаты Серік Бекмағамбетов туралы ақпарат іздеп, әлеуметтік желідегі профилін тапты. Мәслихат депутаты желіде аса белсенді болмай шықты, өйткені, соңғы суретін 2023 жылдың шілдесінде жариялаған.

Сонымен қатар, кезінде өзін-өзі ұсынып, депутаттық сайлауға түскен кездегі агитациялық материалын салған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: