Жұма, 11 шiлде, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Мәжілісмендер жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты

11.07.2025

56 0

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Абенов пен Мұрат Ергешбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.

Жасанды интеллект институты 2023 жылғы 6 қарашада ресми түрде ашылды. Институт Корея Республикасының Білім министрлігі мен Ұлттық зерттеу қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «LUPIC» (Leading University Project for International Cooperation) жобасы аясында құрылды.

Жоба бойынша негізгі серіктес – Сеул ұлттық ғылым және технология университеті (SeoulTech). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі қолдауымен.

Институттың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия өңірі үшін жоғары білікті IT мамандарын даярлау, жасанды интеллект, деректерді талдау, киберқауіпсіздік және бағдарламалау бағыттарында білім мен инновацияны дамыту.

Бұнда 4 бірлескен білім беру бағдарламасы іске қосылды, 103 студент 2024–2025 оқу жылында оқып жатыр, оның ішінде министрлік тарапынан арнайы 100 грант бөлінген. 40 гранттық орын қос диплом бағдарламасына бөлінген.

Мәжілісмендер онда ғалымдармен пікірлесіп, олардың ғылыми жобаларымен танысты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: