Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда егін жинау науқанының қорытындысы мен спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау барысы қаралды. Жиында көтерілген мәселелер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады.


Биыл Қызылорда қаласында 8 мыңнан астам гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл – күріш 3 мың 354 гектарға егілді. Қиыншылықтарға қарамастан егінге аяқ су толық көлемді берілді. Қазіргі таңда жиын-терім талаптарға сай жүргізіліп, егін ысырапсыз жиналып алынды.
– Келер жылдан бастап шаруашылықтар суды аз қажет ететін дақылдарды егуге көшуі керек. Осыған сәйкес, қала аумағында орналасқан шаруашылық құрылымдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет,-деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

Сырдың бас шаһарында бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны жылдан жылға артып келеді. Аймақ басшысының қолдауымен спорт нысандары ашылып, тұрғындарға қажетті жағдайлар жасалуда.
– Ендігі кезекте спорт нұсқаушыларының жұмысын жүйелеу қажет. Бұл өте маңызды. Мемлекеттің негізгі капиталы – адам, сондықтан дені сау ұлт тәрбиелеп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануы басты назарда болуы керек,-деді шаһар басшысы.
Жиында күн тәртібінен тыс бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
Қала әкімі жауапты сала басшыларына санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұйымдастыруды, жылу беру маусымында апаттық жағдайлардың алдын алуды, күннің суытуына байланысты барлық қажетті шараларды үйлестіруді тапсырды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!