Сәрсенбі, 29 қаңтар, 04:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі

27.01.2025

169 0

 Egemen.kz.

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі күнді мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде қаражат аударылатын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 қаңтарда жасалған санаққа сүйенсек, қазір елімізде 120 соғыс ардагері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Оның ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам; соғыс кезінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан болған мүгедектікпен қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам. Сондай-ақ майданда қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз жоғалған жауынгерлердің жесірлері – 2 адам, ал тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі. Сол себепті қарттарды әлеуметтік қорғаудың түрлі шаралары мемлекеттің орталық және жергілікті деңгейлерінен жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келе жатқанын айтуға болады. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Айталық, осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес есептесек, майдангерлерге ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері зейнетақымен бірге 262 334 теңгені және соғыс кезіндегі жарақаты салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 279 330 теңгені құраған.

Сонымен қатар ардагерлерге қосымша көмек түрлері де тұрақты көрсетіліп келеді. Олардың әрқайсы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдік игіліктеріне ие. Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий немесе курорттық емдеу курстары ұсынылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: