Қазақстан шекарасында маймыл шешегіне байланысты бақылау шаралары күшейтілді, оның ішінде әуежайларда жолаушылар қатаң тексеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маймыл шешегі шыққан елдерден келетін азаматтар ерекше тексеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелмегенін түсіндірді. Сонымен қатар еліміздің санитарлық-карантиндік пункттерінде қабылданатын шаралар аурудың республика аумағына әкеліну қаупін азайтады.
Десе де денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауды сұрайды:
- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болмау;
- Жануарлармен байланыста болған кезде қорғаныс киімін және қолғапты қолданыңыз;
- Қолыңызды үнемі жуып, дезинфекциялау құралдарын қолданыңыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!