Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұған дейін «Майқайыңалтындағы» үшінші құтқарушының денесі табылған болатын. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмның туыстарына көңіл айтты.
Өңір басшысы Telegram-да «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде тұрақты негізде аздаған үзілістермен іздестіру жұмыстары жүргізілгенін жазды. Соның нәтижесінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.
Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.
Облыс әкімі Айдостың ата-анасына, оның жұбайы Нұрсұлуға, сондай-ақ, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!