Жұма, 17 қаңтар, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Маманнан кеңес: ресми емес табыс көзінен де алимент өндіріледі

17.01.2025

101 0

istockphoto.com

Кез келген табыс көзінің барына дәлел болса, алимент толықтай төленеді

Бүгінгі күні алимент өндіру – өзекті мәселе. Бұ тақырып талай көтеріліп, талай талқыланып жүр. Соған қарамастан оқырмандар арасыннан алимент жайлы қояр сұрақтар толастар емес. Мәселен ерлі-зайыпты заңды түрде ажырасып, әке екі баласына міндеттелген алиментін төлеп отыр. Алайда азаматтың қосымша өзге табыс көзі бар. Бірақ олар ресми түрде тіркелмеген. Сол табыс көзінен алимент алу мүмкін бе? Оны алу үшін не істеу керек деген оқырманның бүгінгі сұрағына Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Аймбетов Бауыржан Әбдімұратұлы Аikyn.kz сайтына жауап берді.

– Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 139-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға алименттер кез келген табыстан, оның ішінде ресми және ресми емес табыстардан да өндіріліп алынады. Бұл ретте, егер борышкердің қосымша табыстары ресми түрде тіркелмеген болса да, алименттер сол табыстардан өндіріліп алына алады, егер олар нақты дәлелденсе.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 126-бабы негізінде жеке сот орындаушысы мемлекеттік сот орындаушысымен тең құқықтарға ие. Жеке сот орындаушысы борышкердің жасырын табыстарын анықтау мақсатында тиісті тексеру шараларын қолдануға құқылы, оған ресми түрде тіркелмеген қосымша табыстар да кіреді.

Осылайша, егер жолдасыңыздың ресми емес табыстары болса, олардан алименттерді өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл алименттердің тек ресми табыстардан ғана емес, сондай-ақ ресми емес табыстардан да (егер олар нақты дәлелденсе) алынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді заңгер Бауыржан Аймбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: