Көктемнің үшінші айы мамыр айында қазақстандықтардың мерекелік күндермен есептегенде қанша күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ай 1 мамыр бейсенбі күнге тұспа тұс Қазақстан халқының бірлігі мерекесінен басталады.
Бір аптадан соң сәрсенбі күнінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Ал Жеңіс күні жұма 9 мамырда.
Бұл күндердің барлығы ресми мерекелер. Олар жұмыс күндеріне түсіп тұрғандықтан бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар12 күн демала алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!