Жұма, 25 сәуiр, 08:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болады?

25.04.2025

74 0

фото: жасанды интеллект

Биыл мамырда еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, мамыр айында Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық қаупі бар. Орташа құрғақшылық келесі өңірлер мен аудандарда тіркелуі ықтимал:

Қостанай облысы – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласының маңайы;

Батыс Қазақстан облысы – Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық аудандары;

Ақтөбе облысы – Шалқар ауданы;

Атырау облысы – Құрманғазы және Исатай аудандары;

Қарағанды облысы – Ақтоғай мен Шет аудандары;

Алматы облысы – Балқаш ауданы;

Жетісу облысы – Алакөл ауданы;

Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;

Түркістан облысы – Сузақ ауданы;

Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;

Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы.

Ал қалған аймақтарда топырақтағы ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп күтілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: