Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Маңғыстаулық әйел тұрғындардың 3 млрд теңгесін жымқырған

19.11.2023

1009 0

Сурет: yiwu-ru.ru

Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген, – деп хабарлайды Massaget.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұргүл есімді келіншек Whatsapp желісінде топ ашып Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан. Соның ішінде алаяққа алданған бір ғана адам үш мыңға жуық адамды шақырған. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрап отыр.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің «аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: