«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалалық филиалының «Тұран» бастауыш партия ұйымында жиын өтіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттер талқыланды.
Президент Жолдауда елімізді дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді атады. Сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Одан бөлек ғылым және білім, экология, энергетика мәселелерін сөз етіп, су шаруашылығына байланысты жаңа министрліктің құрылатынын жеткізді.
Партия мүшелері Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру барысында жүргізілетін жүйелі жұмыстарды талқылады. Жиында «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі, партияның қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Жорабек Нұрымбетов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы ауылшаруашылығы мен су шаруашылығын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева да өз ойын ортаға салды.
– Қазір бүкіл әлем үнемдеуге бет бұрып отыр. Бұл жоғарыда атап өткен су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысына да қатысты. Түрлі алпауыт елдің экономикасына әсер етіп жатқан дағдарыс Қазақстанға да өз кесірін тигізбей қоймасы анық. Осы орайда, халықтың әр нәрсені ысырап етпей, үнемдеуі өте маңызды. «Судың да сұрауы бар» дегенді бала күнімізден естіп келеміз. Бұл жоғарыда атап өткен су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысына да қатысты. Су, газ, электр энергиясы сынды табиғи қажеттіліктерді бағалай білген жөн. «Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпейтін» кез келді, – деді «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева
Келелі кездесуде партияның белсенділері профессор Баймырза Қожамберлиев пен Жандос Базартай Жолдаудың ел дамуы үшін маңызы ерекше екенін айтты.
Айта кетейік, бұл жиынға қоғамдық ұйым өкілдері мен профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.
Н.АЛТЫН
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!