Жұма, 22 қараша, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысына қызметке келді

10.03.2022

1521 0

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мархабат Жайымбетов тағайындалды.

Мархабат Жайымбетұлы облыстағы құрылыс, сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларына жетекшілік жасайды.

«Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен, үздіксіз энергетикамен, газбен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, табиғи монополиялар субьектілерін реттеу, коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеу бойынша қарқынды жұмыс атқарады деп сенемін. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жайымбетов Мархабат 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Экономика және менеджмент PhD докторы.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы «ГлавАгроРемМаш» жөндеу механикалық зауытының энергетигi болып бастаған.

1993-2005 жылдары аймақтың мұнай-газ салаларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2005-2008 жылдары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

2010-2013 жылдары Қызылорда қаласының әкімі;

2013-2014 жылдары Арал ауданының әкімі;

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы;

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы;

2021 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: