Ұлытау өңіріндегі Қаражал қаласының тұрғыны 28 жастағы қалыңдығы мінген көлікті соғып, жол жиегіне шығарып жіберген. Қыз қаза тапты. Ал Ұлытаулық азамат жан түршігерлік қылмысты жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Қаражал-Қарағанды тас жолында болған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын марқұм қарағандылық 28 жастағы қалыңдық Арайлымның туыстары хабарлады.
Қыздың туыстарының айтуынша, күйеу бала оны күнделікті ұрып-соғады. Неке қиылғанға дейін олар Қаражал қаласында бірге тұрған. Қайғылы оқиғадан сәл бұрын қыз ата-анасына телефон соғып, оны алып кетуді өтінген. Бірақ оны үйіне алып бара жатқанда, Қаражалдан Қарағандыға қарай шыға берістегі тас жолда мас күйеу жігіт оларды тоқтатып, көліктерінің терезелерін темір құбырмен сындырған.
Көлікті жүргізіп келе жатқан қыздың ағасының досы кері бұрылып, Қаражалға қайта жөнелген. Алдыңғы әйнегі сынған олар полицияға бет алған. Алайда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көлігіне отырып, соңынан қуған. Бірнеше рет олардың көлігінің артқы бамперін және сол жақ қанатын соққан.
«Ол көлікті жол жиегіне шығарып жібергісі келді. Нәтижесінде көлігіміз арыққа түсіп кетті» – деді қыздың туыстары.
Салдарынан көлік аударылып қалған. Оның қалыңдығы қайтыс болды. Ал анасы мен ағасы екі досымен бірге жарақат алды.
«6 қыркүйекте марқұмның бірге тұратын күйеу жігітін уақытша ұстау изоляторына орналастырдық. Көліктің неліктен жолдан шығып кеткенін нақты білу үшін лак-бояу сараптамасының қорытындысын күттік. Қазір тергеушінің қолында күдіктінің көлігінің жәбірленушілер көлігінің бамперіне және сол жақ қанатына механикалық соққы бергені туралы сараптама қорытындысы бар. Ол изоляторға орналастырылды. Сондай-ақ тергеуші Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу…» деген квалификацияны 99-бап бойынша «Адам өлтіру» және 24-99-бабы бойынша «Үш жәбірленушіні өлтіруге оқталу» деген квалификацияға өзгертті. Бұл істің тергеуін жеке бақылауыма аламын» – деді Ұлытау облыстық ІІД бастығы Қайыркен Әлиев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!