Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мас күйіндегі әйел 9-қабаттан секірмек болған

16.08.2023

532 0

Түркістандық әйел 9-қабатынан секіріп, өзін өлтірмек болған, – деп хабарлайды Massaget.kz

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Куәгер полицияға хабарласып, көмек сұраған. Жақын аймақта жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Көрсетілген көпқабатты үйдің 9-қабатынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды көрген қос полицей шұғыл түрде жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған әйелдің пәтеріне барған.

«Оны аман алып қалуға қажетті шараларды іске асырып, терезеден секіруге талпынып тұрған тұрғынды күш салып ұстап қалып, қауіпсіз жерге көтеріп шығарды. Сондай-ақ  құтқару шараларына жергілікті тұрғынның бірі өз көмегін көрсетті», – делінген полиция таратқан хабарламада.

Мән-жайды анықтау  барысында әйелдің суицид жасауына масаң күйде болуы әсер еткені белгілі болды. Жергілікті тұрғын теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталамайтынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: