Дүйсенбі, 29 қыркүйек, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Медиасауаттылық не үшін қажет?

29.09.2025

74 0

Фото: freepik.com

«Медиа» сөзі ағылшын тілінен енген. Ол «бұқаралық ақпарат құралдары» деген мағынаны береді. Телевизия, радио, газет және интернет секілді ұғымдардың жиынтығын білдіреді. “Media” сөзі — латынның “medium” сөзінің көпше түрі. Бұқаралық ақпарат көздерінен бөлек «субстанция» деген мағынасы бар. Интернет көптеген адамдар үшін негізгі бұқаралық ақпарат және коммуникация құралы болғандықтан, интернет те медиаға жатады.

Жаңа медиа терминін ХХ ғасырдың соңында интерактивті-электронды басылымдарға қарата қолданыла бастады. Дәстүрлі медиадан айырмашылығы — контент өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы коммуникацияның жаңа формасы. Аталмыш термин цифрлік, желілік технологиялық, коммуникациялық даму үдерісін білдіреді. Ең алдымен, цифрлік технологиялар. Бұл тенденция қоғамның компьютерленуімен байланысты. Компьютер мен интернеттің дамуымен бірге соңғы 25 жылда медиа да қарыштап дамыды

Жаңа медиа – бұқаралық ақпарат құралдарының ары қарай өмір сүруінің жаңа форматы. Цифрлік құрылғыларда әрдайым қолжетімді болуын, сонымен қатар қолданушылардың ақпаратты дайындап және ары қарай таратуға белсенді қатысуын білдіреді.

Медианы манипуляция құралы ретінде пайдалану мемлекеттік құрылым мен азаматтар үшін қауіпті. Манипуляция – адамдарды белгілі бір мүдде үшін әрекет етуге немесе әрекетсіздікке мәжбүрлеу мақсатында адамдардың санасы мен іс-әрекетін жасырын басқару. Манипуляция ұғымының теріс тұсы басым. Манипуляция кез келген уақытта, кез келген қоғамда болған. Факт (лат. factum — болған нәрсе) — растығы қатаң бекітілген пайым формасындағы дерек.

Пікір — фактілерге деген эмоционалды реакцияға құрылған, толықтай объективтілікке жету мүмкін емес тақырып туралы көзқарас, мәлімдеме.

Факт болса, растығын дәлелдеуді қажет етпейтін, көпшілікке белгілі, сенуге тұрарлық тұжырым. Адам санасы фактіге кезіккенде еш ойланбай, фактіні еш күмәнсіз қабылдай алады.

Медиасауатты болу дегеніміз – қабылдап жатқан ақпараттардың ақиқаттығына көз жеткізе отырып өзгелермен бөлісе алу. Кері жағдайда жалған хабарға сенген адам оны жақындарына таратып, бір топтың, ұжымның, тіпті одан да ауқымдырақ қоғам бөлігінің алдануына жеткізуі мүмкін.

Балауса Сыздықова

Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: