Дүйсенбі, 05 қаңтар, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Мейірімге толы мерекелік бастама

04.01.2026

87 0

Қауымның қауқылдасып, асыға күтетін мерекесі – Жаңа жыл да келіп қалды. Әсіресе, ғажайыпқа сеніп, таңданысын жасырмайтын әр бала мерекелік мезетті тағатсыз тосатыны анық. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің ұйымдастыруымен ерекше сәтке куә болдық.

Яғни, Режим және күзет бөлімінің ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Ақниет Қалмұратов “Аяз ата” кейпіне еніп, ал мекеменің мемлекеттік тілде аудармашысы Замира Ахмет “Ақшақар” болып, мекеме қызметкерлерінің шаңырақтарына арнайы барды.

Алақайлап қуанған балалар Аяз ата мен Ақшақарды ықыласпен күтіп алып, өнерлерін ортаға салды. Бірі әсем ән орындап, тақпақ айтса, келесі бір бүлдіршін биледі. Осылайша, қоржын толы сыйлықты арқалаған Аяз ата сыйлықтарын үлестіріп, кішкентайлардың жүзіне күлкі ұялатты.

– Баланың қуанғанынан артық бақыт жоқ. Сондықтан, жаңа жыл қарсаңында әріптестеріміздің отбасына мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еттік. Балалардың балбұл жайнаған жүзін көріп, өзіміз де марқайып қалдық. Мұндай игі шаралар арқылы ұжымдағы ұйымшылдық та артатыны ақиқат, – дейді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: