Сәрсенбі, 24 желтоқсан, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Мейрамхана қызметкері тілдік жанжалдан кейін жұмыстан босатылды

24.12.2025

61 0

Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері тілге қатысты жанжалдан кейін жұмыстан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасында әкімшінің қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, ол мейрамхана әкімшілігінен қазақ тілінде сөйлейтін даяшы бар-жоғын сұраған. Алайда әкімші бұл сұраққа дөрекі жауап беріп, қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емес екенін айтқан.

Оқиға барысында әкімші мәселені шешудің орнына жанжалды ушықтырып, келушіні арандатып, тіпті қуып шығуға тырысқан. Соның салдарынан полиция шақырылып, оқиға бірнеше сағатқа созылған. Бұл жағдай туристік аймақта болғандықтан, қоғам тарапынан ерекше сынға ұшырады.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар мейрамханаға наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды. Көпшілік мемлекеттік тілге құрметсіздік көрсетілді деп санап, әкімшіні жұмыстан шығаруды талап етті. 

Gusto мейрамханасы қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан қызметкердің әрекетіне қатысты пікір білдірген еді. Бастапқыда олар тексеру жүргізілетінін айтқан.

“Gusto мейрамханасы Қазақстан Республикасының заңдарын және мемлекеттік тілді құрметтейді. Біз қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеміз. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериал қосымша зерделеуді қажет етеді. Қазір ішкі тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады”, – деген еді. 

Артынша Gusto мейрамханасы жанжалға себеп болған қызметкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бірақ мейрамхана өз хабарламасында кешірім сұрамаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: