Бейсенбі, 01 қаңтар, 13:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Мейрамханадағы өрт жанармай бекетіне қауіп төндірді

01.01.2026

61 0

Сурет: Zakon.kz/ Павел Михеев

Тараз қаласында ТЖМ қызметкерлері мейрамхананы өрттен сақтап, жанындағы жанар-жағармай бекетіне қзыл жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында орналасқан екіқабатты мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаң өртенді.

«Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанар-жағармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ. Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілді», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетсек, 29 желтоқсанда түнде Оралда полицейлер өрт шыққан үйден 45 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: