Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің психологтары сотталғандарға » Мен өзімді не үшін жақсы көремін», «Күйзеліс», «Деміңді ұста», «Маған не ұнайды «, деген ойындар мен жаттығулардан тұратын психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Басты мақсаты – мазасыздықтан, қорқыныш пен қобалжудан арылу, өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті арттыру, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру.
Тренингтің әр кезеңінде қатысушылар белгілі бір тапсырмаларды орындады, сол арқылы мамандар әрқайсысының психологиялық портретін жасай алды. Тапсырманы орындау кезінде әркімнің әр түрлі эмоциялары болды. Кей кезде бірінің көңіл-күйі түссе, бірі қуанышын жасырмады. Сотталғандар өздері туралы, өздеріне ұнайтын қасиеттері туралы айтты. Тілектер картасын толтырып, бостандыққа шыққаннан кейінгі жоспарларымен, армандарымен бөлісті. Қатысушылар өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре отырып, өздерін көрсетті, түпте жатқан қабілеттерін аша алды. Позитивті атмосфера орнады. Осындай мүмкіндік берген қызметкерлерге өз алғыстарын айтып, эмоцияларын жасырмады.
№60 түзеу мекемесі баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!