Жұма, 25 шiлде, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкері жеңіс тұғырынан көрінді

24.07.2025

190 0

Бақ пен бап қатар сыналатын байрақты бәсекеде биіктен көріну – абырой. Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкері Асхат Қожабеков Республикалық деңгейдегі самбо күресіне қатысып, сенім үдесінен шықты.

Белдесуде белі бүгілмей, шаршы алаңда топ жарғаны – табандылығынан. Сондықтан, еншісіне бірінші орын бұйырғанын мақтанышпен айтамыз.

– Қолым қалт еткенде жаттығу жасап, спортпен шұғылдануға тырысамын. Дзюдоға да қатысқаным бар. Дода жайына келсек, қарсыластырым мықты болды. Бірақ, мені алға жетелеген жеңіске деген талпынысым. Оған қоса, ұжымның қолдауы мен маған артқан сенімін сезінгенде қалайша осал болайын. Мекеме басшылығына алғыс білдіремін, – деді әділет қатарындағы Асхат Қожабеков.


ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев Көкшетаудан жеңіспен оралған мекеме қызметкерін арнайы қабылдап, құттықтауын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: