Бейсенбі, 02 қазан, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкерлері сала ардагерін құттықтады

02.10.2025

42 0

Күрең күздің күнтізбесіндегі Қарттар күні мерекесінің мәні зор. Осыған орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №68мекемесінің қызметкерлері еңбек жолында із қалдырған полковник Болат Бисенбинді іздеп барып, құрмет көрсетті.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов ардагерге жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекесімен құттықтады. Шаңырағына сәлем беруге келген қызметкерлер де жолынан жаңылмай, әкелген азық-түлікті табыстады.

Ардагер де өзінің сан жылдық тәжірибесі мен ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Қызметкерлерге ақ батасын беріп, адалдық пен жауапкершілік жолынан таймау керегін жеткізді.

Қарттарға көрсетілген ізет пен ілтипат – ұрпақ сабақтастығының алтын арқауына айналып, жас буынға өнеге болады деп білеміз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: