Дүйсенбі, 11 тамыз, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59,2172
09.08.2025
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді

10.08.2025

54 0

Темір тұлпарды тізгіндегенде талап-ережені ескеру керегі көпке мәлім. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Жол-патрульдік полициясы келіп, жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізген еді.
Кездесу барысында жолдағы жауапкершілік, көлік құралдарын дұрыс басқару және заңды бұзбаудың маңызды екені айтылды. Сонымен қатар полиция өкілі жол қозғалысы ережелері жайлы қажетті ақпаратпен бөлісіп, көлік басқаруда жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды. Әсіресе, көлік жүргізетін қызметкерлер үшін іс-шарада іліп аларлық ақпарат біраз болды. Арнайы келген маманға көкейдегі сұрақтарын қойып, түрлі жағдаятты бірге талдағаны соған дәлел.
Автокөліктер тексеріліп, техникалық жағдайы назардан тыс қалмады. Қауіпсіздік белбеуінен бастап, жарық шамына дейін түгел тексерілді. Өйткені, жол үстіндегі қауіпсіздік бәрінен маңызды.

– Басты мақсатымыз – қауіпсіздікті қадағалау. Сол себепті, тексеріс пен түсіндірме жұмысын жүргізуде кейін тартпаймыз. Жол ережесін тиісті түрде сақтау – адам өміріне араша болатыны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан, сақтыққа бейжай қарауға болмайды, – деді ҚПБ ЖПҚБ ППБ Рота командирі Полиция капитаны Бағдат Насыров.


Іс-шараның мәні бейқамдыққа жол беруге болмайтынын қаперге салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: