Дүйсенбі, 28 шiлде, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Мекеменің кітап қоры толықты

28.07.2025

69 0

Ақылына ақы сұрамайтын құрал – кітап екені көпке аян. Санаға сәуле түсіріп, ойды орнықты ететініне талас жоқ. Өткен аптада ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің кітапхана сөресі тағы толықты. Яғни, №19 қалалық орталықтандырылған кітапхана ұжымы он кітапты сыйға тартып, оны кітапханашы Айжан Болатқызы табыстады.
Мазмұнға бай кітаптың берері де мол. Бұл ретте, ақын-жазушы шығармашылығы мен жырау жайындағы зерттеу, тарихи таным, тұлғалық дамуды қамтитын еңбектер қолымызға тиді.


– Кітапханадағы жалпы кітап саны – 4895. Түрлі тақырыпта, түрлі бағытта ой салатын шығарма жетерлік. Рухани азық іздеген, оқуға ниетті жазасын өтеуші азаматтарға кітапхана есігі ашық. Таңдауына сай танымдық еңбекке зейін қоюына мүмкіндік жасалған. Кітап оқу арқылы болашақты байыппен бағамдап, өмірде оң өзгерістер жасауға ықпал ететіні анық, – дейді мекеменің кітапханашы маманы Батыржан Сәруаров.


Мұндай игі бастама арадағы рухани байланысты нығайта бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: