Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Меккеде жүріп екі рет орамалым шешіліп қалды»: Актриса Жәнел Мақажан

18.08.2023

557 0

Отандық актриса Жәнел Мақажан “Өзіміз” подкастынада хиджаб киіп, күйеуінің арманын орындағаны жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мен кәсіби актриса болғандықтан, театрда, кинода белсенді жұиыс жасағандықтан орамалға келу мен үшін қиындау болды. Тұрмысқа шығар алдында болашақ күйеуімнің бойындағы жақсы қасиеттерінің тізімін жазатынмын. “Шынайы иманды, Алладан шынайы қорқатын адамды маған жар қылып кездестірші” деп сұрайтынмын. Алланың қалауымен солай болды. Күйеуімнің ең үлкен үш арманы болды. Ол қажылыққа бару, менің орамалға келуім және сәбилі болу. Менде “қажылыққа жасы елуден асқан үлкен кісілер барады” деген стереотип болды. Негізіде балиғат жасқа толсаң, жағдайың келіп тұрса қажылыққа барғаның абзал екен. Медина қаласына барған кезде “Жүрегіме орамалды көркем түрде, мені қинамай келтірші. Менің мамандығым ұнамаса жүрегімнен алып тасташы” деп сұрадым. Сол сәтте Қазақстаннан кастинг директоры хабарласып, видео проба жіберуімді сұрады. Маған басты рөлді ұсынғалы жатыр екен. Бірақ мұны жүрегім мүлдем қаламай тұрғанын түсіндім. Содан Меккеге бардық. Қағбаны көремін деп жүргенде екі рет орамалым шешіліп қалды. Шашым көрініп қалғанда, өзімді жалаңаш тұрғандай күй кештім. Сол кезде қатты еңіреп жыладым.  Меккеге келгенде бірінші күні-ақ орамалға келуге шешім қабылдадым”, – дейді Жәнел Мақажан.

Актриса осылайша күйеуінің арманын орындағанын айтты.

“Күйеуіме қалжыңдап: “Үйге барсам шешетін шығармын” деп айтып қоямын. Оның көңілі түсіп кетеді: “Тым болмаса 40 күн, болмаса бір апта тағыңызшы. Балалар көрсінші. Үйге осы энергияны апарайықшы” дейді маған. Күйеуіме орамалға келгенімді сапарымыздың үшінші күні, қайтып бара жатқанда айттым. Оны видеоға өзіміз үшін түсіргенбіз. Бірақ күйеуім өзі үшін қуанышты жаңалық екенін айтқан соң жарияладық. Сол видеодан кейін біраз қыз орамалға келді деп естідім”, – дейді актриса. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: