Жұма, 30 мамыр, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

«Меккеге жолдама бергенше, үй бер»: Белгілі блогер кәсіпкер Тұрсен Алагөзовті көпке үлгі етті

29.05.2025

197 0

Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қызметкерлеріне 100 пәтер табыстаған Тұрсен Алагөзовті мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Блогер байлығын бөлісе алатын байлардың көбейгенін тіледі.

«Тұрсын Алагөзовтың бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыз жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін, Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, «Ойбай мен пәтер беремін» демей-ақ, жайлап барып, шақырып алып, «мәңдер» деп бере салды. Міне нағыз жігіт! Құдай-ау, жүз бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін!”, – деді блогер.

Одан кейін қажылыққа жолдама беріп, кейін алдап кететін кәсіпкерлерді де сынады.

“Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі. Адамның ең кереметі ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлмей, адам ретінде қарап, құрмет көрсетуі — адамның ең кереметі. Ол қараған жоқ, по жуғыш па, неше жылдан бері водитель ме? Оның ұлты орыс па, қазақ па? Діні қандай? Тілі қандай? Ол тек қана жақсылық жасады, жарайсың!», – деді блогер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: