Дүйсенбі, 13 қаңтар, 22:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Мектеп асханасында тамақ қалдықтарын балаларға берген

13.01.2025

87 0

Видеодан скриншот

Желіде мектеп асханасында аспаздардың оқушыларға тамақ қалдықтарын жылытып, қайта берген видеосы тарады. Желі қолданушысының мәлімдеуінше, оқиға Алматыдағы №67 орта мектептің асханасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәуле Айтмағанбетова есімді желі қолданушысы парақшасында №67 мектеп асханасының санитарлық талаптарға сай келмейтінін дәлелдейтін бірнеше видео жариялаған. Сөзінше, асханада бірнеше күн бұрын дайындалған бәліштер мен пиццалар сатыла береді. Яғни оқушыларға мерзімі өткен өнімдер беріледі.

Одан бөлек видео авторы қалған котлеттерді қатырып, кейін қайтадан оқушыларға салып беретінін, ыдыста қалып қойған қалдық тамақтарды жинап, басқа оқушыларға салып беретінін айтады. Айтмағанбетова 9 қаңтардағы жазбаны бөлісті. Ол мектеп асханасына тексеріс жүргізуді талап етті. 

Stan.kz тілшісі Алматы облыстық білім басқармасынан жағдайға қатысты пікір беруін сұрады. Білім басқармасы мектепке тексеріс жібергенін мәлімдеді.

“№67 орта мектепке аталған барлық мән-жайды зерделеу үшін тамақ сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы жіберілді. Барлық мектепте тексеру комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік қызметкер, медицина қызметкері және ата-аналар қоғамдастығының мүшелері кіреді. Ұсынылатын тағамның сапасын сапаны бақылау комиссиясы айына екі рет, ал күн сайын мектептің медициналық қызметкері тексереді”, – деп түсіндірді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, мектептегілер тамақ қалдықтарын балаларға қайтадан бермеуге тиіс.

“Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» 65 санитарлық тармағына сәйкес, тамақ қалдықтары асханадан бөлек жерде, далаға шығатын тұста контейнерлерге лақтырылуы керек”, – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: