Бейсенбі, 04 желтоқсан, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Мектеп пен балабақша маңындағы ойын автоматтарына заңмен тыйым салу қажет

04.12.2025

36 0

Фото: Overclockers.ru

Бүгін Сенат отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев мектептердің маңында ойын автоматтары көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, қазір мұндай құрылғылар мектеп, үйірме және спорт секцияларымен дүкендерге жақын алаңдарға жаппай орнатыла бастаған. Мұндай көрініске еті үйренген бала болашақта ойын автоматтарына баратын негізгі аудиторияға айналуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, балалар мұндай автоматтарға түскі асқа берілген ақшасын жұмсайды. Ойын автоматтарының салдары ауыр болмас үшін «Ойын бизнесі туралы» заң аясында реттелмейтін аталған құрылғыларды орналастыру мәселесін қарау қажет. 

«Соңғы жылдары «Кран» немесе «Ұстап ал» деп аталатын автоматтардың кеңінен таралуы алаңдатып отыр. Мұндай аппараттарда ақшалай ұтыс қарастырылмағандықтан, құмар ойындары санатына жатпайды. Заң мұндай автоматтардың жұмыс механикасы, ұтыс алгоритмі, жас шектеулері немесе орналастыру талаптарына қатысты нормаларды қамтымайды. Санитариялық нормалар, сауда ережелері, техникалық регламенттері мен басқа да талаптар белгіленбеген. Олардың қауіпсіздігін, шыққан жерін немесе балаларға арналған санитариялық талаптарға сәйкестігін тексерудің міндетті механизмі жоқ. Бұл автоматтарға жеке құқықтық мәртебе беру, міндетті сертификаттау мен механикалық тексеруді енгізу, жас шектеулерін белгілеу, оларды балалар мекемелері маңында орналастыруға тыйым салу мәселесін қарау қажет», деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Сондай-ақ сенатор аталған автоматтарға бақылаудың болмауы заңсыз қолма-қол ақша айналымын арттыруы мүмкін екеніне де назар аударды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: