Сурет ашық дереккөз
Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 шамасында болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын пышақ пен балта ала келген.
Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.
Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!