Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін – 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», – делінген ведомствоның Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.
Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:
– күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
– қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
– көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!