Сенбі, 23 қараша, 09:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет балаларды отбасынан тартып алады ма? – Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

28.03.2024

827 0

Сурет:egemen.kz

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасында балаларды отбасынан тартып алатын норма жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство өкілі атап өткендей, қазіргі таңда Парламентте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы талқыланып жатыр.

Бұл заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпараттар таратылып жатыр. Ол ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді, – деп мәлімдеді вице-министр.

Оның сөзінше, қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерде балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.

Мемлекеттік саясат баланы туған отбасында тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді, – деп айтты Еділ Оспан.

Министрлік өкілі атап өткендей, осы бағытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар құрылған. Психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.

Құрметті ата-аналар! Әртүрлі фейктерге сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне серуді сұраймыз, – деп Еділ Оспан ата-аналарға үндеу айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: