Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсе қызметімен танысу барысында ел дамуының стратегиялық міндеттеріне тоқталды.
Олардың қатарына ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру, жасанды интеллект және атом энергетикасы салалары кіреді.
Үкiметтің осы бағыттағы жұмыстары экономиканы өркендетуге және жалпы iшкi өнiмнiң құнын арттыруға тың серпін береді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы медицина мен білім беру салаларын әлемдік стандарттарға сай дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!