Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мар-гарета Седер-фельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен аталған ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін, маңызды екенін айтты. Сондай-ақ президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Өз кезегінде Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын, ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы, сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/603590-memleket-basshysy-e-y-pa-prezidentin-abyldady
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!