Бағаны төмендетуді желеу еткен популистік әрекеттерді доғару қажет. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарға осындай нұсқау берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде мемлекеттік органдар мен күш құрылымдары бизнесті тексеріп, бағаны төмендетуді талап етумен әуестеніп кеткен жайттар жиілеп кетті. Мұндай популистік әрекеттерді доғару қажет. Монополия табысының шектеу қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестицияны қамтамасыз етудің арасында теңгерім сақтау маңызды», – деді Президент.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!